Президент Маңғыстауға барғанда халық күнде көре бермейтін, тек блогерлермен араласатын облыс әкімі қатты дайындалыпты. Мұны әлеуметтік желіде тараған фото-видеолардан анық көруге болады. Бұл туралы Orda.kz сайты арнайы мақала жариялап, фотофактілерді де қоса салған.

Бірақ бұл материалды Шымкент әкімінің жұмысына шүйлігіп жүрген жергілікті блогерсымақтар байқамай қалған көрінеді. Әлде постын әлдекімдер асықтырды ма, әйтеуір, астарлап Шымкентті жамандап, Маңғыстауды көкке көтеріпті.

Шымкентте тынымсыз еңбек ететін халық тұратынын, әкімі де күндіз-түні қаланы аралап, тұрғындармен етене араласып жүргенін ұмытқан болар әлде әдейі көрмеген сыңай таныта ма?!

Айтайық дегеніміз, “Президент келеді” дегенде ғана қозғалатын әкімдер бар шығар, бірақ Шымкенттің әкімі деп ойламаймыз.

Соңғы жылдары Шымкент қалай өзгеріп жатқаны тайға таңба басқандай көрінеді. 30 жыл бойы асфальт көрмеген көшелерге соңғы 1,5 жылда жол төселді дейді оқырмандар.

21 ғасырда көмір жағып қыстаған тұрғындар табиғи газбен қамтылыпты, қаншама көшеге жарық өткізіліпті. Халық демалатын талай саябақ пен сквер салынған. Бұған дейін ешкім назар аудармаған, қоқыс басып, қаланың көркін бұзып тұрған бос аумақтар бүгінде көз тоятын, болашақта турист тартатын көрікті орындарға айналады дейді халық.

Мұның өзі – ерен еңбек. Бұның бәрі Президент үшін ғана жасалды дегенге келмейді.

Айта кету кере, оқырмандардың айтуынша, қашан көшеге шықсаң да коммуналдық қызметкерлер жұмыс істеп жатады. Бұл еңбекті басқалар көрмесе де, мегаполис халқы жоққа шығармайды.

Бірнеше күн бұрын Президент келеді дегенде “Шымкентке Президент келетін болған соң тазаланып жатыр,” деп, жұмыс істеп жатқан қызметкерлерді видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген болатын. Әрине, хайп іздеп жүрген блогерлерге жақсы “азық” болды.

Imedia бақылап жүрген Шым қалада тазалық жұмыстары әрқашан жүргізіледі – бәрі ашық ақпарат көздерінде тұр. Қала әкімінің, аудан әкімдіктерінің, басқармалар мен тазалық мекемелерінің парақшаларында күн сайынғы атқарылып жатқан жұмыстар жарияланып отырады екен, біздің редакция танысып өтті.

Егер бұл жұмыс Президент келеді деп жасалған болса, ол кеткен соң бәрі тоқтап қалатын еді, алайда оқырмандардан бейнежазба алдырттық – бүгін де сол қызметкерлер күндіз-түні тынымсыз еңбек етіп жүр.

Оқырмандарымыз Шымкент әкімі атқарып жатқан еңбекті бағалайды. Жала жауып, аяқтан шалуға тырысқандардың сөзіне ермей, шынайы маңдай терін төгіп жүрген адал әкімнің еңбегін көрдік!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *